Шымкенттегі аудан әкімдігі 150 балаға қуаныш сыйлады

0
2 229

Ұйымдастырылған шараға жомарт жандар демеушілік жасап, 150 балаға қуаныш сыйлады


Шымкенттегі аудан әкімдігі 150 балаға қуаныш сыйлады

ERNUR.KZ. Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жомарт жандардың балаларға қайырымдылық іс-шарасы» өтті. №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған шараға Шымкент қалалық мәслихат депутаттары - Сейтжанов Бауыржан Серікжанұлы, Омаров Ерлан Мамырайханұлы, Сұлтанова Төрайым Жолдыбайқызы, «Гипер Хаус» сауда үйі, «Керемет» сауда үйі басшылары демеушілік жасады.

Аталған шара барысында аудандағы мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жомарт жандар демеушілік жасап, 150 балаға қуаныш сыйлады. Оларға жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе заттарын табыстады. Іс-шараға аудан аумағында орналасқан мектеп ұстаздары аз қамтылған отбасы балалары және БАҚ өкілдері қатысты.