Шымкенттегі "Бекжан" базарында тағы да өрт шықты

0
2 439

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.


Шымкенттегі

Шымкент қаласындағы "Бекжан" автотұрағы өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін, сағат 14:10 шамасында Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды.
Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жау сағат 15:40 шамасында сөндірілді.Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.

Өрттің көлемі 280 ш.м. құрады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.