Шымкенттегі түнгі рейдте тәртіп бұзған жасөспірімдер анықталды

0
1 314

Алты жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылған.


Шымкенттегі түнгі рейдте тәртіп бұзған жасөспірімдер анықталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған рейдтік іс-шара аясында аясында Еңбекші ауданының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері ойын-сауық кешендерін, букмекерлік кеңсе, дүкендер мен демалыс орындарын аралап, рейд жүргізді. Нәтижесінде түнгі уақытта жүрген6 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып, 1 жайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды.

Сондай-ақ, осы шара барысында «Қаратау» ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны М.Усипбеков қалалық наркологиялық диспансерінің дәрігерлерімен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысқа тарту және жасөспірімдер ортасында есірткіні тұтынудың қауіптілігі жөнінде бірнеше мектеп оқушыларына дәріс өткізген.