Шымкенттен 196 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударған

0
58

Үкімет қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлер ретінде Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды облыстарын айқындаған.


  Шымкенттен 196 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударған

Шымкент қаласында қандастарды қолдау және азаматтарды ерікті түрде қоныс аудару бағытында жұмыстар жүргізілуде.

2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында 68 отбасы (142 адам) «қандас» мәртебесін алды. Сонымен қатар 4 азаматтың мәртебесі 6 ай мерзімге ұзартылды.
Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, қандас мәртебесі Үкімет белгілеген қоныстандыру өңірлеріне көшу шартымен 5 жыл мерзімге беріледі. Шымкент қаласы қабылдаушы өңірлер тізіміне кірмейтіндіктен, мұнда қандас мәртебесі берілмейді.
2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан 196 отбасы немесе 817 адам солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс аударды.
Атап айтқанда, Павлодар облысына 53 отбасы (192 адам), Солтүстік Қазақстан облысына 81 отбасы (375 адам), Қостанай облысына 16 отбасы (62 адам), Қарағанды облысына 3 отбасы (16 адам), Абай облысына 7 отбасы (37 адам), Шығыс Қазақстан облысына 33 отбасы (121 адам), Ұлытау облысына 3 отбасы (14 адам) көшіп барған.
Қоныс аударған 817 адамның 473-і – балалар, 234-і – еңбекке қабілетті азаматтар, 110-ы – үй шаруасымен айналысатын тұрғындар.
Үкімет қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлер ретінде Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды облыстарын айқындаған.
Қоныс аудару бағдарламасының негізгі мақсаты – еңбек күші тапшы өңірлерге азаматтарды тарту, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау және өңірлер арасындағы еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету.
Бөлісу