Шымкенттік әкімдіктер өкілдерімен жасалған қылмыстар саны мемлекеттік органдар бөлінісінде алдыңғы қатарда тұр

0
861

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті басшысының бірінші орынбасары мәлімдеме жасады.


Шымкенттік әкімдіктер өкілдерімен жасалған қылмыстар саны мемлекеттік органдар бөлінісінде алдыңғы қатарда тұр

«Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы А.Жұмағали, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің активімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар мәлідеме жасады.

«Өкінішке орай, біздің аймақта әкімдіктер өкілдерімен жасалған қылмыстар саны мемлекеттік органдар бөлінісінде алдыңғы қатарда тұр. Қалаға республикалық мәртебе берілген сәттен бастап Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті әкімдік қызметкерлеріне қатысты 17 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді. Барлық қылмыс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды, қазіргі уақытта 14 адамға қатысты сот үкімі шығарылып отыр», - деп атап өтті Т.Серікбаев.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының қатысуымен мұндай кездесулер соңғы 5 жылда өтпегенін, адамдар сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері туралы білуі және түсінуі үшін осындай жиындар қажет екенін айтқан Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар күшейтілетінін жеткізді.


Ал, іс-шараның қорытындысы бойынша әкімдік басшылығына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен, кешенді шаралар әзірлеу ұсынылды.