Басшылық тарапынан ондай қызметкерлерге шара қолданылған көрінеді.
Шымкент қаласындағы мүгедектігі бар адамдар қандай себеппен жиі шағымданатыны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балтаев Ғалымжан айтып берді.
Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдар басқармаға жиі арызданып, шағым түсіреді.
«Мүгедектігі бар адамдар көбіне қызметкерлердің олармен дөрекі сөйлесуіне байланысты шағымданады. Ал, басшылық тарапынан ондай қызметкерлерге шара қолданылып келеді», - деді Ғалымжан Балтаев өз сөзінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдары мен арнайы қызметтерге үйде отырып тапсырыс бере алатыны жайлы хабарлаған едік.