Анасының айтуынша, алтыншы қабаттан секіріп кеткен бойжеткен соңғы уақытта күйліске ұшырап жүрген.
Шымкентте көп қабатты үйлердің бірінің алтыншы қабатынан 25 жастағы қыз секіріп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Оқиға 23 ақпан күні орын алған. Бұл туралы жедел жәрдем қызметіне сағат 13.39-да хабарланған. Шұғыл жеткен ақ халаттылар алтыншы қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткен арудың табан сүйегінің сынып, жеңіл іш жарақатын алғанын анықтаған.
1995 жылы туған бойжеткенді жедел жәрдем қызметі Шымкент қалалық 1-ші клиникалық ауруханасына алып келген. Мұнда оның бас ми шайқалғаны анықталып, нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Шымкент қалалық 1-ші клиникалық ауруханасыныңнейрохирургия бөлімінде қажетті ем қабылдап жағдайы жақсарған соң 25 жастағы қыз өз үйіне қайтарылған. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Анасының айтуынша, алтыншы қабаттан секіріп кеткен бойжеткен соңғы уақытта күйліске ұшырап жүрген. Бұл туралы анасы ақ халаттылар айтып берген.