Шымкенттік дәрігерлер жүрегі 10 минутқа тоқтаған науқасты аман алып қалды

0
213


Шымкенттік дәрігерлер жүрегі 10 минутқа тоқтаған науқасты аман алып қалды

Шымкент қаласының реаниматолог-дәрігерлері 40 жастағы науқастың өміріне араша түсті, ажалдан аман алып қалды.

Гиповолемиялдық шок алған бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын тұрғын қалалық №2 ауруханасына өте ауыр халде түскен. Жүрегі тоқтап қалған науқас шұғыл жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер жедел түрде реанимациялық шараларды жасағаннан кейін жүрегі қайта соға бастаған. Мамандар оған бірден жасанды демалдыру аппаратын қосқан.

«Мұндай жағдай тек кәсіби дағдыны ғана емес, психологиялық тұрақтылықты да талап етеді. Дәрігерлердің жедел әрекеттерінен кейін науқастың жағдайы тұрақталып, тиісті ем-шаралардан соң үйге шығарылды»,- дейді қалалық №2 ауруханасының дәрігер рениматологы Жасур Мухитдинұлы.
Айта кетейік, бес күн нефрология бөлімінде емделген науқастың жағдайы қазір жақсы. Өміріне араша түскен мамандарға алғысы зор.
Бөлісу