Шымкенттік еріктілер қала тұрғындарына медициналық бетперде таратты

0
1 049

Еріктілер «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін қарияларға үлестірді.


Шымкенттік еріктілер қала тұрғындарына медициналық бетперде таратты

Шымкенттік еріктілер адамдар жиі шоғырланатын жерлерге шыға алмайтын жалғызбасты қарияларға волонтерлар 50 азық-түлік себеттерін тарқатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еріктілер «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін қарияларға үлестірді

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін «Арбат алаңы» мен «Орталық саябақта» еріктілер 1000-ға жуық азаматқа коронавирустан сақтану ережелері туралы ақпараттық парақшалар таратты.

Волонтерлар дәріханаларда сұраныстың артуына байланысты тапшы кездесетін 1000 дана медициналық маскаларды таратуды да ұмытпады.

Еске саламыз, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қаупінің деңгейі "өте жоғары" екені жөнінде дабыл қағып, барлық ортада қауіпсіздік ережелері қатаңдатылуда.