Алты бүлдіршінді өрттен құтқарған әйелді қалалық төтенше жағдайлар департаменті көзсіз ерлігі үшін марапаттады.
ERNUR.KZ.Шымкенттік әйел алты баланы өрттен құтқарды. Өрт шыққан үйге жалаң аяқ кірген әйел терезені сындырып, оларды сыртқа алып шығыпты. Қалалық төтенше жағдай департаменті Марина Ғафарованы көзсіз ерлігі үшін марапаттады, деп жазады Zakon.kz.
Шымкент тұрғыны Марина Ғафарова 6 баланы өрттен аман алып қалды. Оқиға 16 желтоқсанға қараған түні сағат екі шамасында болған. Ол балаларын ұйықтатып, есік алдына шыққан екен. Сол сәтте көрші үйдің өртеніп жатқанын көреді. Марина өрт шыққан үйге кіру қауіпті екенін білсе де, терезені сындырып ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды сыртқа шығарған. Бұл туралы otyrar.kz жазды.
Алты бүлдіршінді өрттен құтқарған әйелді қалалық төтенше жағдайлар департаменті көзсіз ерлігі үшін марапаттады. Төрт баланың анасы үй ішінде балалар қалғанын білгендіктен, оларды құтқарудан басқа ештеңе ойламағанын айтты.
"Кішкентай он айлық баланың даусын естимін, оны 10 жасар ағасы жанып жатқан жерде қолына ұстап тұр. Қашпаған, бала қорқып тұр. Бізде қақпа үш метр, содан секіріп, екі баланы қақпаға дейін алып келдім. Сөйтіп, үйдің ішіне қайта кірсем, түтін, жанып жатыр. Ар жақта газ баллон тұр, ол бірнеше секунд ішінде жарылуы мүмкін. "Кім бар?" деп айғайладым, 12 жастағы бала "Біз бармыз" деді, сөйтіп оларға терезенің алдына бару керегін айттым".
Марина Ғафарова
Марина екі баланы жалаң аяқ жүріп құтқарып, газ баллонды көргенде, көмекке күйеуі мен інісін шақырған. Олар екінші терезені сындырып, балаларды сыртқа алып шыққан. Осылайша, өрт сөндірушілер келгенше қызыл жалынды өшіруге тырысыпты. Ал басқа көршілерден балаларға алғашқы көмек көрсетуін өтінген. Төтенше жағдай қызметкерлері өрт балалардың отпен ойнауынан шыққанын айтты.
"Жеке тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шыққаны мәлім болды. Өртті сөндіру, оның салдарын жою мақсатында өртке қарсы қызмет келмей тұрып сол үйдің көршісі Марина деген ханым батырлық танытып, ерлік көрсетіп сол үйден 6 кәмелетке толмаған балаларды құтқарып аман алып қалды. Өрттің шығу себебі - балалардың отпен абайсыз болу салдары".
Шымкент төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы