Шымкенттік кәсіпкер айына 6 мың дана ойыншық шығарады

0
3 158

Бүгінгі таңда кәсіпорын мотоцикл, тұлпар, құрастырғыштар шығарады.


Шымкенттік кәсіпкер айына 6 мың дана ойыншық шығарады

Кәсібін ыдыс-аяқ, парфюмерия, балалар ойыншығын сатумен бастаған Рабиға Байтемірова бүгінде өзі отандық балалар ойыншығын өндіріп отыр. Кәсіпорын «Navruz Plastik – ShR» сауда маркасымен Қазақстан нарығында кеңінен танылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Балалар ойыншығын құрастыруды неліктен қолға алғаны жөнінде кәсіпкердің өзі баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

- 1995 жылдары жұбайым екеуміз Қытай, Иран, Ресей және Өзбекстан елдерінен түрлі тауарлар әкеліп сатып жүрдік. Сонда балалар ойыншығына деген сұраныстың жоғары екенін байқадық. Саудамен ұзақ жылдар бойы айналысқандықтан, нарықты зерттеп, ойыншық өндірісімен айналысуға бел будық. Сол уақытта ұлым Қытайда оқитын және құрал-жабдықтарды, өндірістік, технологиялық процестермен бізді ұлымыз таныстырды. Нәтижесінде 2013 жылы қажетті жабдықтарды алып, «Маг» ойыншықтары желісін жинақтақтауды бастап кеттік. Ал 2015 жылы ойыншықтар ассортиментін кеңейту үшін пресс-қалыптар, қосымша құрал-жабдықтар шығаратын машина жабдығы, балаларға арналған квадроциклдарды сатып алу қажеттігі туды. Бұл мақсатта мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Даму» қоры несие алуға көмек көрсетті. Осылайша ойымыз жүзеге асты. Алдағы уақытта басқару құрылғысы бар көлік ойыншықтар, қуыршақ, балаларға арналған ыдыс-аяқтар жасап, экспортқа шығарсақ деген жоспарымыз бар,-дейді шымкенттік кәсіпкер.


Бүгінгі таңда кәсіпорын мотоцикл, тұлпар, құрастырғыштар шығарады. Айына 4000-6000 дана ойыншық өндіруге қауқарлы. 20 адамды жұмыспен қамтуда. Республикамыздың барлық өңіріндегі дүкендерден қолжетімді бағада кездестіре аламыз. Сонымен бірге, Қырғызстан еліне де жолданады. Түркия және Иран инвесторлары қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс жасауды ұсынып отыр.


Өнім өндіруде полипропилен мен полиэтилен секілді шикізатты Иран, Түрікмен елінен алдырса, бояулары Вьетнам және Германия, Кореядан әкелінеді.