Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Алматы және Қостанай облыстарынан келген 80 жас "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасын толықтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жас жауынгерлерді құрама командирі полковник Нүркен Қарағұлов қарсы алды. Ол жас сарбаздарға қызмет атқаратын әскери бөлімнің тарихы туралы айтып, оларды жас толымның әкімшілігімен таныстырды.
- Келесі 12 айда бұл бөлім сендердің үйлеріңе айналады. Мұнда сендер түрлі әскери мамандықтар бойынша білім аласыңдар. Отан алдындағы әскери парызды абыроймен атқарады деп үміттенемін. Сендердің алдарыңда запасқа шығарылған сол сарбаздар әскери дайындық бағдарламасы бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. Олардың барлығы дерлік естелік сыйлықтармен, грамоталармен және ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды, - деп атап өтті полковник Нұркен Қарағұлов.
Жас толымдар ротасында әскерге шақырылушылар төрт апта бойы бастапқы әскери дайындық курсынан өтеді. Осы уақыт ішінде олар саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық даярлық, жалпыәскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша базалық білім алады. Курстар атыс қаруынан оқ атуларды орындау мақсатында полигонға шығумен және кейіннен әскери ант қабылдаумен аяқталады.