Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде алтын жүлде жеңіп алды

0
92


Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ERNUR.KZ. Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар Лозаннада (Швейцария) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Ulysmedia.kz.


Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.

Қазақстандық балуан ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевтен басым түсті.

Осылайша Абылайхан Жұбаназар жарысты бірінші орынмен аяқтады.