​Шымкенттік құтқарушылар Мақтааралда су басқан елді мекен тұрғындарына көмек көрсетуде

0
943

200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында құтқарушылар қайықта тексеру жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті.


​Шымкенттік құтқарушылар Мақтааралда су басқан елді мекен тұрғындарына көмек көрсетуде

Шымкент қаласының құтқарушылары Мақтарал ауданының су басқан елді мекендерінде тұрғындарға көмек көрсетуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Орталық коллектордың" жарылуынан Мақтаарал ауданындағы ауылдық округтерінің бірқатар елді мекендерін су басты. Бірінші күннен бастап, Мақтаарал ауданына 2020 жылғы 2 мамырда шыққан Шымкент қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары су басқан елді мекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Күн сайын құтқарушылар ауданның елді мекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізеді, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су басқан ауылдарды аралап шығады.
Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді.
200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында құтқарушылар қайықта тексеру жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті. Су басқан үйлерден олар құнды заттар мен құжаттарды көшіруге көмектесті. Сондай-ақ, ауылды су ағысынан қорғау үшін құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Барлығы 100 қап құм төселді.
Командалық-штабтық машинасы арқылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, Түркістан облысының және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің басшыларымен байланыс орнатылды. Шымкент қаласының құтқарушылары су деңгейінің мониторингін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда,оған жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.