Шымкенттік оқушылар тапа-тал түсте пышақтасып, арты атысқа ұласқан

0
1 044

«20-30 шақты бала бірінің артынан бірі қуалап келе жатты. Қолдарында – шолақ мылтық, біреуінде ОСА-ау деймін».


Шымкенттік оқушылар тапа-тал түсте пышақтасып, арты атысқа ұласқан

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі екі мектептің оқушылары пышақтасып, атысқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК-ға сілтеме жасап.

Мектеп оқушылары арасындағы төбелес түскі сағат 13.30 шамасында қаланың ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне бірнеше мәрте оқ та атқан.

«20-30 шақты бала бірінің артынан бірі қуалап келе жатты. Қолдарында – шолақ мылтық. Біреуінде ОСА-ау деймін. Тура мына Сайрам мөлтекауданында, жолдың бойында екі рет атты. Ал, арғы жағындағы қарсыластары тас лақтырып, ақыры мына жерде біреуі пышақталды», - дейді куәгер.

Дереккөзге сүйенсек, пышақталған – №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Ол, қолынан жарақат алған және оқиға орнына жеткен полицейлер бірден жедел жәрдем шақырған. Сондай-ақ, пышақталған оқушының мұғалімдері «төбелесіп жатқандарды ажыратамын деп барған жасөспірімге әлдекімдер пышақ сілтеген» деп, шаң жуытпай отырған көрінеді. Ал, тәртіп сақшылары қашпақ болған оқушылардың бірнешеуін қолға түсірген және бейресми ақпарат бойынша, төбелес 65-ші және 46-шы гимназия мен лицейдің жоғары сынып оқушыларының арасында болған.