​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ҮЗДІК НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

0
54

Дүбірлі додаға 20-дан астам мемлекет қатысып, Қазақстан намысын 40 мерген қорғады.


​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ҮЗДІК НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Катардың Доха қаласында өткен стенд атудан Азия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. 5 алтын, 4 күміс және 5 қола жеңіп алған ұлттық құраманың тарихи жетістігіне Шымкент қаласының спортшылары ерекше үлес қосты.

Атап айтқанда скит жаттығуында Ольга Хайлова командалық есепте – алтын, жеке сында қола медаль иеленсе, Ратмир Еникеев ерлер командасымен қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал жасөспірімдер арасында Максим Почивалов – жекелей сында күміс, Артём Ревковпен бірге командалық есепте алтын медаль жеңіп алды. Трап жаттығуында жасөспірімдер арасында Денис Кривенко жеке сайыста қола медаль иеленді.
Ерлер арасында Максим Бедарев күміс медаль алса, әйелдер арасында Наргиза Сарманова мен Анастасия Прилепина құрама сапында чемпион атанды. Чемпионат барысында қазақстандық спортшылар үш Азия және әлем рекордын жаңартты. Айта кетейік, дүбірлі додаға 20-дан астам мемлекет қатысып, Қазақстан намысын 40 мерген қорғады.
Бөлісу