Шымкенттік жасөспірімдер самбодан командалық есепте ел чемпионы атанды

0
466

Еліміздің әр өңірінен келген боз кілем шеберлерінің арасындағы жарыс өте тартысты өтіп, кіл мықтыны анықтады.


Шымкенттік жасөспірімдер самбодан командалық есепте ел чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында Самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, шымкенттік жасөспірімдер жеңіске жетті.

Ел біріншілігіне 2008-2009 жылы туған жасөспірім қыздар мен ұлдар қатысты.
Еліміздің әр өңірінен келген боз кілем шеберлерінің арасындағы жарыс өте тартысты өтіп, кіл мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 1-ші орын алды.
Нақтырақ айтсақ, ұлдардан Пердалы Әбіш, ал қыздарымыз Сапар Мөлдір, Тұрлыбек Гүлсезім және Төлебай Тоғжан алтыннан алқа тақты. Ал Жанахмет Адия, Джантурлиева Аружан мен Абибула Ерасыл күміс алса, Даулетқұл Іңкәр, Сарыбай Нурислам және Русланұлы Арслан қола медалға ие болды. Аға жаттықтырушылары Өскенбаев Аманхан шәкірттерінің жеңісіне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да жеңісті қолдан бермейтіндіктерін жеткізді.