Шымкенттік полицейлер кезекті «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен өткізілген «Жолда қабылдау» акциясына 1245 қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, Шымкенттегі 2 күндік іс-шара кезінде 1037 тұрғынға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүгізілген. Оның ішінде 233 азамат әкімшілік құқықбұзушылықтар жөнінде ақпарат алса, 270-не жол жүру ережелері түсіндірілген және 76-сы автокөліктерді тіркеу мәселесімен жүгінген. Сонымен қатар, 115 адам жүргізуші куәліктері, 28-і автокөлікті қайта жабдықтау, 149-ы көші-қон саласы бойынша қажетті ақпараттарын алған және полиция қызметінің өзге салаларына (тергеу, криминалдық, кадр, учаскелік полиция инспекторы салалары бойынша) қатысты сұрақтарына құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, іс-шара уақытында 30-10-30 телефон нөмірі арқылы «Колл-орталығы» жұмыс істеп, қала тұрғындарынан түскен 11 ақпараттық сұрақтарға жауап берген.