Шымкенттің әкімі мүгедектер мәселесін кейінге шегеріп келгенін мойындады

0
1 645

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, халық алдында берген есебінде мүмкіндігі шектеулі жанның сауалына жауап бере алмады.


Шымкенттің әкімі мүгедектер мәселесін кейінге шегеріп келгенін мойындады

илюстрациялық фото: ғаламтор ашық көзінен алынды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, шаһарда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бойынша қандай шаралар жасалынып жатқанын айта алмады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Түркістан" сарайында өткен қала әкімінің есебінде Арман есімді азамат, шаһар басшысына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде сұраған болатын.

"Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа тұру мәселесі өзекті. Сол жайында кішкене ақпарат беріп, қандай мүмкіншіліктер бар соны толығырақ айтып берсеңіз" деді ол.

Алайда, шаһар басшысы Арманнан мұндай сауалды күтпегендей. Мүмкіндігі шектеулі жанға нақты жауап бере алмады.

"Енді, мүмкіндігі шектелген азаматтарға менің айтатыным, біз қолдан келген нәрсенің бәрін сіздерді жұмысқа орналастыру үшін жасаймыз. Мынау қоғамдық өмірге қатысып жүру үшін бәрін жасаймыз, арнайы өзіміздің жол картамыз бар. Енді, бұл мәселені біраз жылдан бері артқа тастап кейін шешеміз-кейін шешеміз деп жүргенбіз. Ол кінә біз жақтікі деп ойлаймын мен. Бұл мәселе бойынша Гүлжан Мамытовна біз арнайы бір жиналыс өткізейік, осы біздің азаматтарымызды шақырып, ақылдасып, не қажет, бірінші кезекте не қажет, екінші кезекте не қажет соның бәрін біз этап-этап бойынша шешіп отырайық",- деп сұраққа нақты жауап бере алмады.