Салада табиғи монополия субъектілерінде төмен жалақымен байланысты реттелмейтін салаларға білікті кадрлардың кетуі байқалған.
ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Кенжеболат Көшекбаев Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының медиа алаңында БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді.
Шымкент қаласы бойынша Департамент 5 базалық табиғи монополия субьектісі қызметін реттейді. Олар - «Су құбыры және канализация» МКК, «Су ресурстары -Маркетинг» ЖШС, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «КазТрансГазАймак» АҚ ШӨФ.
Департамент басшысының айтуынша, қазіргі таңда аталған ТМС заң талабына сәйкес 5-жылдық тарифтерін бекітіп жұмыс жасауда.
Табиғи монополиялар саласындағы мәселелерді шешу үшін, 2022 жылғы 30 желтоқсанда "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңына уәкілетті орган бекіткен тарифті өзгерту негіздерін оның мерзімі өткенге дейін толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда:
- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту;
- өңірдегі экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі;
- ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын иесіз желілер мен мүлікті теңгерімге немесе сенімгерлік басқаруға қабылдау.
«Аталған нормаларды іске асыру үшін "тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы №35 бұйрығы әзірленіп бекітілді.
Бұл өзгерістер табиғи монополиялар салаларына қосымша инвестициялар тартуға және кадрлардың кету тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді», - деді К.Көшекбаев.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтылған "Тарифті инвестицияға айырбастау" жаңа тарифтік саясатына көшу қажеттілігі туралы және желілер мен қуаттардың тозу көрсеткіштерін кем дегенде 15% - ға төмендетуді тапсырған болатын. Бұл шаралар табиғи монополиялар субъектілерінің қосымша инвестицияларды тартуын көздейді. Сонымен қатар, табиғи монополия салаларында табиғи монополия субъектілерінде төмен жалақымен байланысты реттелмейтін салаларға білікті кадрлардың кетуі байқалған.