​ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ: ДОМБЫРА КҮНІ АЯСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

0
113


​ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ: ДОМБЫРА КҮНІ АЯСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 7 шілдеде Шымкент қаласындағы «Шымсити» саябағында Ұлттық домбыра күніне орай кең көлемді мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын ұлықтау, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттау болды.


Кеш барысында көрермендерге қазақтың төл мұрасы — күй мен ән өнерінің жауһар үлгілері ұсынылды. Домбыраның қоңыр үнімен әуелеген дәстүрлі күйлер мен аймақтық ән мектебі өкілдерінің орындауындағы әуендер көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Іс-шара аясында Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен өнерпаздар Батыс, Арқа, Сыр, Қаратау, Жетісу, Алтай-Тарбағатай ән-күй мектептерінің туындыларын, сондай-ақ қазіргі заманғы дәстүрлі бағыттағы шығармаларды орындады.

Мереке «Шымқала кештері» жобасы аясында өтті. Екі күнге жалғасқан мәдени іс-шаралар легі аясында «Жеребенің жүйрігі» атты ақындар айтысы мен Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен ұлттық рух сыйлады.