Журналист, өлкетанушы, педагог, қоғам белсендісі Кеңес Исмайловтың 54 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Журналист, өлкетанушы, педагог, қоғам белсендісі Кеңес Исмайлов өмірден озды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Суреттер Кеңес Исмайловтың "фэйсбук" парақшасынан алынды
Расталмаған ақпаратқа сүйенсек, қоғам белсендісінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кеденшілермен кездесу барысында жүрегі сыр бергенге ұқсайды. Өкінішке орай, жедел жәрдем жетемін дегенше әріптесіміз бақилық болып кетіпті.
Кеңес Исмайлов 1965 жылы Мырзашөл өңірінде дүниеге келген. Өмірге құштар, табиғат жанашыры бола білген Кеңес ағамыз әділдікті жаны сүйетін журналист еді. Талай әннің авторы атанып, оңтүстіктің шұрайлы, тарихи жерлері жайлы кітап жазған болатын. Марқұмның өскелең ұрпаққа қалдырған мұрасы мол.
54 жасында өмірден озған Кеңес Исмайловтың артында екі ұлы, немерелері мен жары қалды. Ол немерелерін ерекше жақсы көретін! Әлеуметтік желідегі парақшасында олар жайлы жиі жазып, қызықшылығымен бөлісіп отыратын. Өкінішке орай, сұм ажал тау тұлғаны арамыздан алып кетті.
Әріптесіміз Кеңес Исмайловтың қазасына орай, жары мен балаларына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз!