Төтенше жағдай орын алған алғашқы күні 700-ге жуық мақтааралдық Шымкент қаласына кірген

0
782

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтар Шымкент қаласына кедергісіз кіреді.


Төтенше жағдай орын алған алғашқы күні 700-ге жуық мақтааралдық Шымкент қаласына кірген

1 мамыр күні Мақтаарал ауданында су тасқыны орын алған уақытта Шымкент қаласы аумағына 700-ге жуық азамат кірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді.

"Су тасқыны болған алғашқы күні Мақтааралдағы 2 елді мекен тұрғындарының 700-ге жуық азаматы Шымкент қаласына кірген. Олар туған-туысқандарының үйіне жайғасты. Сондай-ақ, 104 машина енгізілді. Қазір су тасқыны болған елді мекен тұрғындары Шымкент қаласы аумағына ешқандай кедергісіз кіргізіліп жатыр." , -дейді Алмасбек Мамытбеков.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, басқа аудан тұрғындары Шымкент қаласына кіруге рұқсат жоқ. Тек Мақтаарал ауданынан арнайы автобуспен келген азаматтар қалаға кіргізіледі. Тек мақтааралдықтардың қайда орналасатындығын тіркеп аланады.