Төтенше жағдайлардың алдын алу: Шымкентте оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
960

Аталған шараның мақсаты - жасөспірімдерге табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.


Төтенше жағдайлардың алдын алу: Шымкентте оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы және Еңбекші ауданы ТЖБ қызметкерлерінің ұйымдастырумен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша №46 мектеп-лицейінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - жасөспірімдерге табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру.

Кездесу барысында ТЖБ қызметкерлері "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі" және биік қабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігі", "Судағы қауіпсіздік" тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қосымша ақпараттандыру парақшалары таратылды. Сонымен қатар, оқушылар мамандардан пайдалы ақпарттар алып, өз ойларын ортаға салып өзара сұрақ-жауап алмасты.

Айта кетейік, Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Қалада соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға өскенін көрсетеді. Алдағы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. Анықталғандай, статистикалық мәліметтер негізінде мұндай немқұрайдылықтың негізгі себептері қала азаматтырының қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кетуінен орын алған. Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында табиғи өрт тіркелмеген. Қала аумағында орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын 53 км және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 320,2 сондай-ақ орман алқаптарында 300 км, 377 км егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтар салу жұмыстары жүргізілді.