ТҮРКІСТАН: Былтыр 500-ге жуық еңбек қатынастарын бұзу фаткісі тіркелген

0
1 897


ТҮРКІСТАН: Былтыр 500-ге жуық еңбек қатынастарын бұзу фаткісі тіркелген

2018 жылы Түркістан облысында еңбек қатынастары 493 рет бұзылғаны анықталған – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков айтып өтті.
Аталған бұзушылықтардың жойылғаны – 473. Қалғандарының орындау мерзімі бар. Облыс аумағында 2018 жылдың 12 айы бойынша 4 мекемеде 466 жұмыскердің алдында 126,6 млн. теңге жалақы қарызы анықталып, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабымен оның 82,9 млн. теңгесі төленген.
"2019 жылдың 1 қаңтарына 2 мекемеде 73 жұмыскердің алдында 43,7 млн. теңге көлемінде жалақы қарызы қалып отыр. Атап айтқанда, Сайрам ауданындағы «Stratus-Oil» ЖШС-нің 67 жұмыскер алдында 42,9 млн. теңге, Арыс қаласындағы «СпецАтомСервис» ЖШС-нің 6 жұмыскер алдында 0,8 млн. теңге жалақы қарыздары бар. Бұлар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалақыны уақытылы төлемеу түріндегі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін аталған заң бұзушылық орын алған мекемелерге мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан 7 орындалуы міндетті нұсқама беріліп, 1,723 млн. теңге көлемінде 6 әкімшілік айыппұл салынған",- деді облыстық еңбек инпекциясы басқармасының басшысы А.Мамытбеков.