Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, Түркістан облысы Кентау қаласының Ащысай және Хантағы ауылдық округтерінің әкімдері өз кінәларын мойындады.
ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алған әкімдерді ұстады, деп xабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, Түркістан облысы Кентау қаласының Ащысай және Хантағы ауылдық округтерінің әкімдері өз кінәларын мойындады.
"Қабылбеков және Ержігітов әкімдік ғимараттарында төлем терминалдарын орнату туралы келісімшарттарын жасау үшін 40 және 50 мың теңге көлемінде пара алды. Олар өз кінәларын толығымен мойындады. Осыған байланысты әкімдерге қатысты ұстау шарасы қолданылған жоқ. Айыптаушылар сотқа берілді", - деді Нұржан Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.