Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шымкентте 5 жасар қыз терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, аталған жазатайым оқиға 23 наурыз күні сағат 14:50-де Әл-Фараби ауданы, 16 шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде орын алған.
“Көп пәтерлі 5-қабатты тұрғын үйдің 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалып, 2018 жылы туған қыз терезеден құлаған. Ол тез арада ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жағдайы ауыр”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.
Басқарма дерегінше, қызға операция жасалған. Бірақ әлі есін жимаған көрінеді.