​ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ 1 500-ДЕН АСА МАМАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

0
24

Биыл мегаполисте 2 251 жасты «Жастар практикасы» арқылы жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау шеңберінде 1 592 жас маманға жолдама берілді.


​ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ 1 500-ДЕН АСА МАМАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Бүгінде Шымкентте жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қарқынды жалғасуда.

Биыл мегаполисте 2 251 жасты «Жастар практикасы» арқылы жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау шеңберінде 1 592 жас маманға жолдама берілді.

№5 колледжде тоқымашы-оператор мамандығын меңгеріп шыққан Асхат Құнанбай Enbek.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген болатын. Аудандық мансап орталығының жолдамасымен «Назар Текстиль» кілем тоқу фабрикасына «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан.
– Қазір фабрикада сүйікті мамандығым бойынша оператор болып жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымдағы жастардың көптігі қуантады. Фабрикада еңбеккерлерге тасымал қызметі мен ыстық тамақ қарастырылған. Жастарға мемлекеттік бағдарлама аясында осындай мүмкіндік беріліп отырғаны бізді жігерлендіре түседі, – дейді Асхат Құнанбай.

«Жастар практикасы» бағдарламасымен қатар биыл Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы да жүзеге асырылуда. Осы бағытта 1 161 жасты қамту жоспарланса, бүгінде 330 жас маман алғашқы жұмыс орнына жолданған.

Бағдарламаларға қатысу үшін жастар Enbek.kz порталына жұмыссыз ретінде тіркеліп, аудандық мансап орталықтарынан мәлімет ала алады.
Мансап орталықтарының мекенжайлары:
  • Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
  • Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
  • Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
  • Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
  • Тұран ауданы – Қазыбек көшесі, 50.
Бөлісу