​Желіде отырып қаралы күнге қатысты орынсыз пікір айтқан Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды

0
65

Сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.


​Желіде отырып қаралы күнге қатысты орынсыз пікір айтқан Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды

Шымкенте полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир анықталды.

Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Бердібай Нұрахмет көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Онымен бірге тікелей эфирге 22 жастағы Мусурманқұл Абзал және Мустафа Бақдәулет қатысқан.
Сот шешімімен Бердібай Нұрахмет 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сонымен қатар, үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту шығарылып, үшеуі де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір ай мерзімге қойылды.
Бөлісу