Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 3 қараша күні «Болашақ» жоғары колледжінде «Стоп буллинг: қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.
Семинар барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілдері Махаббат Мұратқызы Тоқтас пен Бахытжан Турсунбаевич Бекбаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, кибербуллинг және интернет қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуді Жастар ресурстық орталығы Психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары Ақсымбат Рашидқызы мен Жібек Мұратқызы жүргізді.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпарат алды.


