Ел біріншлігі 15-18 қараша күндері «Қоныс» спорт кешенінде өтпек.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп жазады kaz.inform.kz.
Ел біріншлігі 15-18 қараша күндері «Қоныс» спорт кешенінде өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
Cондай-ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.
Еске салсақ, Астана қаласында Республика күніне орай, қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2024» республикалық турнирі өтеді. Аталған ірі дода 26 қазан күні «Барыс-Арена» стадионында өтеді.
Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты деген 42 балуаны бақ сынайды. Олар еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қала - Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары.