Әлемге танымал футбол инсайдері "Қазақстан" шоколадын алмай қойды

0
163

Қазақстандық блогер италиялық спорт журналистіне сыйлыққа еліміздің танымал бренді “Қазақстан” шоколадын бергісі келген еді.


Әлемге танымал футбол инсайдері

Фото: instagram.com/globesoccer

ERNUR.KZ. Танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо отандық блогер Аликодан “Қазақстан” шоколадын алмай қойды, деп жазады stan.kz.

Қазақстандық блогер италиялық спорт журналистіне сыйлыққа еліміздің танымал бренді “Қазақстан” шоколадын бергісі келген еді. Алайда Фабрицио өзінің тәтті жемейтінін айтып, шоколадты алудан бас тартты.

Әлеуметтік желілерде дәл осы видео көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Миллиондаған қаралым жинап, видео астындағы пікірлер саны бірнеше мыңнан асты.

Фабрицио Романо – италиялық спорт журналисі. Sky Sport Italy телеарналар желісінің тілшісі әлемге футбол жаңалықтарындағы инсайдтарымен танымал. “90 min” футбол порталы журналисті спорттағы “ең сенімді инсайдер” деп атаған еді.