Әлімханұлымен бір кеште 17 жастағы оқушы жұдырықтасады

0
1 075

Бокс кешіне бір ай ғана қалса да Гриффитстің қарсыласы әзірге белгісіз.


Әлімханұлымен бір кеште 17 жастағы оқушы жұдырықтасады

ERNUR.KZ. 14 қазан Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) өтетін орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) мен IBF титулына ие Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 KO) жекпе-жегінің кардында 17 жастағы америкалық Кейден Гриффитс карьеарсындағы алғашқы айқасын өткізеді, деп жазады vesti.kz.

Бокс кешіне бір ай ғана қалса да Гриффитстің қарсыласы әзірге белгісіз.

"Ол туралы ойламауға тырысамын. Өз-өзімді ұстап, бұған кәсіби деңгейде қарауға тырысудамын, бірақ қобалжып жүргенім анық. Бұл мен үшін үлкен қадам және ол туралы көптен армандап келдім. Сондықтан еш асықпай, мұның бәрін дұрыстап қортып алғым келеді", - дейді Гриффитс дебюті туралы сұраққа жауап ретінде.