Англия құрама командасының мундиалға баратын құрамы белгілі болды

0
2 101

Дайындықты бастаған футболшылардың арасынан «Арсенал»дың футболшысы Жек Уильшер орын табылмады.


Англия құрама командасының мундиалға баратын құрамы белгілі болды

Футбол отаны Англия құрама командасының Ресей – 2018 ге жол алатын құрамы жарияланды. Дайындықты бастаған футболшылардың арасынан «Арсенал»дың футболшысы Жек Уильшер орын табылмады. Футболшының өзі аяқталған маусымда Әлем чемпионатына баратын құрама командаға лайық ойын көрсеткенін білдірді. Сонымен қатар қақпашы Жо Харт та мундиалды жанкүйерлер арасында тамашалайтын болды.

Қақпашылар: Жордан Пикфорд («Эвертон»), Жек Батленд («Сток Сити»), Ник Поуп («Бёрнли»);

Жартылай қорғаушылар: Трент Александр-Арнольд («Ливерпуль»), Киран Триппьер, Дэнни Роуз (екеуі де — «Тоттенхэм»), Харри Магуайер («Лестер»), Фил Джонс («Манчестер Юнайтед»), Жон Стоунс, Кайл Уолкер (екеуі де — «Манчестер Сити»), Гэри Кэйхилл («Челси»);

Жартылай қорғаушылар: Джордан Хендерсон («Ливерпуль»), Эрик Дайер, Деле Алли (екеуі де — «Тоттенхэм»), Джессе Лингард, Эшли Янг (екеуі де — «Манчестер Юнайтед»), Фабиан Дельф («Манчестер Сити»), Рубен Лофтус-Чик («Челси»);

Шабуылшылар: Рахим Стерлинг («Манчестер Сити»), Жейми Варди («Лестер»), Гарри Кейн («Тоттенхэм»), Маркус Рэшфорд («Манчестер Юнайтед»), Дэнни Уэлбек («Арсенал»).

Англия құрама командасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Тунис (18 маусым), Панама (24 маусым), Бельгия (28 маусым) қарсы алаңға шығады.