Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
ERNUR.KZ. Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина - ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда жапониялықтар Сюко Аояма - Эри Ходзумимен шеберлік байқасты, деп жазады kaz.inform.kz.
Фаворит саналғанына қарамастан, қазақстандық-ресейлік жұп 0:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Бір сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында А.Данилина - И.Хромачева 1 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты пайдаланды. Жапониялық дуэт 9 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ.
Сюко Аояма - Эри Ходзуми финалға шығу үшін ресейліктер Мирра Андреева - Диана Шнайдермен таласады.