АҚШ-та өткен испаниялық қос команданың ойыны 7:3 есебімен "Атлетико" пайдасына шешілді.
ERNUR.KZ. Испаниялық "Атлетико" клубы Халықаралық чемпиондар кубогында мадридтік "Реалды" ойсырата жеңді, - деп жазады Vesti.kz.
АҚШ-та өткен испаниялық қос команданың ойыны 7:3 есебімен "Атлетико" пайдасына шешілді. Корольдік клубтың қақпасына бірінші гол ойын басталысымен кіріп кетті. Осылайша бірінші кезеңде "Реал" қақпасына жауапсыз бес гол кірді.
Жеңімпаз клубтың сапында Диего Коста (1, 28, 45-пенальти, 51), сондай-ақ Жоау Феликс (8), Анхель Корреа (19) және Витоло (70) мадридтік клубтың қақпасынан саңылау таба білді. Жеңілгендер жағында Хосе Начо (60), Карим Бензема (85-пенальти) және Де Ла Фуэнте (89) есепті сәл де болсада қысқартты.
Ойынның 65-ші минутында "Реал" сапындағы Даниэль Карвахаль мен "Атлетико" шабуылшысы Диего Коста алаңнан қуылды.