​Атырауда кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды

0
639

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шараға 16 өңірден 200-ге жуық спортшы қатынасып, бақ сынауда.


​Атырауда кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін, 30 маусым күні «Атырау» спорт кешенінде кикбоксингтен жастар арасында ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шараға 16 өңірден 200-ге жуық спортшы қатынасып, бақ сынауда.

Жарыстың салтанатты ашылуында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ҚР кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев облыс басшылығына алғысын білдірді. Шара ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
"Тәуелсіз еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан жалындаған жастар қатысқалы отырған ауқымды шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілгелі отыр. Атырау халқына бес күн бойы спорттық мереке, тартысты да қызықты бәсеке сыйлайтын жарыс қатысушыларына және ұйымдастырушыларға ризашылығымыз шексіз. Осындай шаралардың арқасында салауатты өмір салтын ұстанып, жүйелі түрде спортпен айналысатын жандар саны артып, күні бүгінде облыс халқының 34,2 пайызын құрауда", - деді облыс әкімінің орынбасары.