52 келідегі жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді.
ERNUR.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жегін қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.
"Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раундат басымдық танытқаныммен, екінші раундта қателік жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды өзіне жақындатып алдым. Негізі, қарсыласым лас жұдырықтасады екен.
Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып берді. Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес.
Ұлыбританиялық боксшымен спаррингтік кездесулер өткізгем, бірақ әлі ресми түрде кездесегем. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз", - деді Бибосынов.
52 келідегі жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді.