Бельгия соты Олимпиада чемпионы Александр Винокуровты ақтады

0
1 329

Винокуров пен Колобневке сыбайлас жемқорлық бабы бойынша айып тағылған.


Бельгия соты Олимпиада чемпионы Александр Винокуровты ақтады

ERNUR.KZ. Льеж қылмыстық соты қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобневке қатысты істі қарап, шешім шығарды, деп жазады Prosports.kz.

Винокуров пен Колобневке сыбайлас жемқорлық бабы бойынша айып тағылған еді. Арыздағы жазба бойынша, 2010 жылы Льеж-Бастогне-Льеж веложарысы кезіндегі финалдық жарыс басталмас бұрын Винокуров ресейлік қарсыласына ақша беріп, жеңіс жолында кедергі жасамауын тапсырған көріндеді.

Льеж прокуратурасы Александр Винокуров Колобневке 150 мың евро төледі деп айып таққан еді. Екі спортшы да бұл қауесетті бірнеше мәрте жоққа шығарған болатын.

Бір қызығы, іс хакерлер Винокуровтың электрондық поштасын бұзғаннан кейін ашылған. Сот қарайтын хаттарға сәйкес, қазақстандықттың шотынан Колобневтің шотына екі мәрте қаржылық аударылым жасалған.

Егер спортшылардың кінәсі дәлелденсе, шабандоздар алты айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін болатын. Сонымен қатар, Льеж прокуратурасы Винокуровқа 100 мың еуро, Колобневке 50 мың еуро айыппұл салуды, сондай-ақ оның банктік шотынан 150 мың еуроны тәркілеуді талап етті.

Істің 25 бетін зерттегеннен кейін Льеждегі қылмыстық сот айыптауға негізделген үш тармаққа күмән келтірді. Дәлірек айтсақ, жарыс кезіндегі келісім, велосипедшілердің өз-ара хат алмасуы мен қаржылық аударымдар.

«Бұл ақылға қонымды және әділ үкім. Бұл шешім біздің қажеттіліктерімізді толық қанағаттандырады. Біз бұл істің әділетсіз болғанын және оны тергеу қажет емес деп әрдайым айтып келеміз», - деді Винокуровтың адвокаты.

Сот үкімі шыққаннан кейін бірден Александр Винокуров бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында былай деп жазды: «Мен өте қуаныштымын, ақыры бұл мәселе шешімін тауып, сот жалғыз әділ шешім қабылдады. Біз тек болашақты күтеміз! Біз биылғы маусымды сәтті өткіздік, алайда әлі көп жұмыс пен жоспар бар! Босаңсуға уақыт жоқ».

Естеріңізге сала кетейік, Винокуров пен Колобневтің ісі бойынша шешім 8 қазанда қабылдануы керек еді, алайда Льеж сотында қаралатын істің көптігіне байланысты істі қарау алдымен 22 қазанға, содан кейін 5 қарашаға ауыстырылды.