Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті.
Фото: Нұрғали Жұмағазы
Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс жолына шыққан Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая төрттігі Қытай (алтын) мен Оңтүстік Корея спортшыларынан қалып кетті.