Данияр Елеусінов кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді

0
97

Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, 9 раундқа есептелген еді.


Данияр Елеусінов кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) ұзақ уақыт үзілістен кейін рингке оралды, деп жазады BAQ.KZ.


Ол Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) жұдырықтасты.

Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, 9 раундқа есептелген еді. Бесінші раундтан соң Нойнай Даниярдың соққыларына шыдай алмай жұдырықтасудан бас тартты. Сондай-ақ филиппиндік бірінші және төртінші раундттарда нокдаун алды.

Осылайша, Данияр Елеусінов өзінің кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Peace белдігін жеңіп алды. Ал Джо Нойнай бесінші рет жеңіліске ұшырады.