Сары құрлық додасында 27 елден 778 спортшы бақ сынады.
Фото: Қазақстан Джиу-джитсу қауымдастығы
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Иордания астанасы Амман қаласында жастар мен ересектер арасында өткен 9-шы Азия чемпионатында топ жарды, деп жазады inform.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар барлығы 74 медаль жеңіп алды.
Сары құрлық додасында 27 елден 778 спортшы бақ сынады.
Жарыс нәтижесінде Қазақстан 21 алтын, 27 күміс, 26 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте көш бастады. Екінші орынға Таиланд командасы көтерілсе, үздік үштікті Вьетнам түйіндеді.
Осылайша, отандастарымыз Азия төріндегі татамиде табандылық танытып, қайсарлықпен қарсылас шақ келтірмей ел мерейін үстем етті.