Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия кубогін 5 алтын медальмен бастады

0
1 463

Қазақстан құрамасы Азия кубогін 5 алтын, 2 күміс және 7 қола медальмен бастады.


Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия кубогін 5 алтын медальмен бастады

ERNUR.KZ. Алматы қаласының «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі басталды, деп жазады baq.kz.

Қазақстан құрамасы Азия кубогін 5 алтын, 2 күміс және 7 қола медальмен бастады.

Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин және Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рефери бас директоры Даниэль Ласкау қатысты.

Бүгін Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогін 6-шы рет өткізуге жиналып отырмыз. Азия кубогі жас дзюдошылардың жұлдызын жағып, жаңа өмірге жол ашады деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңіс тілеймін!, - деп сөз бастады отандық федерацияның президенті Қуанышбек Есекеев.

Алматы татамиінде өтіп жатқан Азия кубогіне Грузия, Греция, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстаннан 680 дзюдошы қатысып жатыр.

Алғашқы жарыс күнінде жасөспірім-ұлдар 50, 55, 60, 66 және 73 келі, ал қыздар 40 кг, 44 кг, 48 кг, 52 кг және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Назарларыңызға бірінші жарыс күнінің нәтижелерін ұсынамыз:
Қыздар:
-40 кг
1. Зере Өтепқали (Қазақстан)
2. Дильноза Хамитова (Өзбекстан)
3. Дильрух Хасанова (Өзбекстан)
3. Әсел Русланова (Қазақстан)
-44 кг
1. Лазиза Хайдарова (Өзбекстан)
2. Тамила Әлиханова (Қазақстан)
3. Іңкәр Құралбай (Қазақстан)
3. Темуген Енхтур (Моңғолия)
-48 кг
1. Анудари Джамсран (Моңғолия)
2. Зарина Джамалова (Өзбекстан)
3. Кира Хегай (Қазақстан)
3. Сабина Азаматова (Өзбекстан)
-52 кг
1. Райхона Маматова (Өзбекстан)
2. Ариунзайа Тербиш (Моңғолия)
3. Иродахон Комилова (Өзбекстан)
3. Аяулым Қалмырза (Қазақстан)
-57 кг
1. Асельхан Аралбаева (Узбекистан)
2. Жанар Жолдошева (Кыргызстан)
3. Алина Молдокулова (Кыргызстан)
3. Дамеля Асылханова (Казахстан)
Ұлдар:
-50 кг
1. Нұрбол Асқар (Қазақстан)
2. Абдулазизхон Шарафиддинов (Өзбекстан)
3. Арапбай Даураев (Өзбекстан)
3. Ерболат Сыздық (Қазақстан)
-55 кг
1. Нұрлан Исатаев (Қазақстан)
2. Мұхаммаджон Машарипов (Өзбекстан)
3. Лоиқ Кудбудинов (Тәжікстан)
3. Амирхон Низомаддинов (Өзбекстан)
60 кг
1. Джавохирбек Юсупов (Өзбекстан)
2. Алиджон Алиев (Өзбекстан)
3. Жалғас Күнесбаев (Қазақстан)
3. Ойбек Раджабов (Өзбекстан)
-73 кг
1. Еділ Ерболұлы (Қазақстан)
2. Нұрмұхаммед Мұратов (Қырғызстан)
3. Аминджон Абдуджалилзода (Тәжікстан)
3. Азамат Аблакулов (Өзбекстан)