EFC чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек жойқын нокаутпен аяқталды (видео)

0
2 684

​Ренат Хавалов кәсіби карьерасындағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, EFC чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, ал Шарапудин Магомедов алғаш рет жеңіліске ұшырады.


EFC чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек жойқын нокаутпен аяқталды (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Краснодар қаласында Eagle Fighting Championship 34 аралас жекпе-жек турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтті, онда жеңілмеген ресейлік спортшылар – Ренат Хавалов (3-0) пен Шарапудин Магомедов (4-0) кездесті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Хавалов өзінің жеңіл салмақтағы EFC чемпионы белбеуін бәске тікті. Бұл жекпе-жек бес раундқа есептелді, алайда екінші раундта Хаваловтың жеңісімен аяқталды: алдымен Ренат қарсыласын жойқын соққымен есеңгіретіп, содан кейін аяусыз ұрып-соқты. Нокауттың видеосын төменде көруге болады.




Осылайша Ренат Хавалов кәсіби карьерасындағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, EFC чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, ал Шарапудин Магомедов алғаш рет жеңіліске ұшырады.