Екі палуанымыз Олимпиаданың ширек финалынан аса алмады

0
617

​Бүгін түстен кейін еркін күрес шебері Даниал Қайсанов қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы – өзбек палуаны.


Екі палуанымыз Олимпиаданың ширек финалынан аса алмады

ERNUR.KZ. Жұма, 6 тамыз күні Токио Олимпиадасында үш қазақстандық палуан өнер көрсетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әйелдер арасындағы жарыстарда Валентина Исламова (50 келі) алғашқы жекпе-жекте эквадорлық Люсия Йепестен 6:9 есебімен ұтылып қалды. Қарсылас финалға шыққан жағдайда Исламова жұбаныш белдесу мүмкіндігіне ие болатын еді. Алайда Йепес келесі айналымда жапониялық спортшыдан жеңілді.

Азияның үш дүркін чемпионы Дәулет Ниязбеков (65 келі) бірінші жекпе-жекте кубалық Алехандро Вальдестен басым түсті. Алайда ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы Гаджи Әлиевтен 1:9 есебінен ұтылды.

Ал Әлішер Ерғали (97 келіге дейін) ширек финалға жекпе-жексіз өтті. Себебі оның қарсыласы – алжирлік Мохаммед Фардж боз кілемге шықпай қалды. Дегенмен келесі айналымда Ерғали түрік палуаны Сүлейман Қараденизге жол беріп қойды. Қорытынды есеп – 8:9. Осылайша үш палуанымыз да жарыс жолынан шықты.

Айта кетері, бүгін түстен кейін еркін күрес шебері Даниал Қайсанов қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы – өзбек палуаны Бекзод Абдурахмонов.