Финалға жолдама үшін теннисшілеріміз тағы бір жұппен ойын өткізеді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Чехияның астанасы Прага қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп жазады prosports.kz.
Ширек финалда жерлестеріміз Йелле Селс (Нидерланды)/Скотт Пуодзиунас (Аустралия) жұбын қапы қалдырды.
Екі сетке созылған матч 6:4, 7:6 (7:0) есептерімен Андрей мен Алекандрдың пайдасына шешілді.
Финалға жолдама үшін теннисшілеріміз Андре Бегеманн (Германия) және Флорин Мердж (Румыния) жұбымен таласады.