Елена Рыбакина 2023 жылдың алғашқы турнирінде жеңіліп қалды

0
587

Рыбакина украиналық Марта Костюкпен кездесті.


Елена Рыбакина 2023 жылдың алғашқы турнирінде жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. 4 қаңтарда Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, деп жазады stan.kz.

Рыбакина украиналық Марта Костюкпен кездесті. Қазақстандық спортшы алғашқы сетті 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Алайда кейінгі екі сетте 2:3, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Елена Рыбакина WTA рейтингінде 21-орында, ал Марта Костюк 69-орында тұр.

Айта кетейік, бұл турнир Рыбакина үшін 2023 жылдың алғашқы жарысы болды. Бұған дейін ол алғашқы айналымда әлемнің 14-ракеткасы Даниэль Коллинзті жеңген.