Ералхан Айкөз - ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионы

0
2 209

"Алтын Жебе" атты тұңғыш әлем чемпионатында 16 елдің ат үстінен садақ ататын сұрмергендері жиналды.


Ералхан Айкөз - ат үстінен садақ атудан тұңғыш  әлем чемпионы

«Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында өткен «Алтын жебе» І әлем чемпионаты аяқталды. «Түрік стилі» мен «Қазақ стилі» бойынша мергендік бәсекеде қазақ сұрмергені Ералхан Айкөз тұңғыш әлем чемпионатының чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Алтын Жебе" атты тұңғыш әлем чемпионатында 16 елдің ат үстінен садақ ататын сұрмергендері жиналды. Алғаш болып «Түрік стилі» бойынша өткен бәсеке тамашаланды. Бұл мергендік сайысында дүниежүзілік жарыстардың атақты мергені, румыниялық Михай Козмей чемпион атанған-ды. Екінші орынды кешегі «Азиялық стильде» де жүлделі орын алған кореялық жас мерген Ли Сунг Хо иеленді. Ал, үшінші орынға Ералхан Айкөз табан тіреді. Ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионы осы жарыстың қорытындысы бойынша анықталды. Бес спортшы І әлем чемпионатының жүлдесін иеленді. Еске салып өтелік, І әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан құрама командасындағы спортшылары: Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Абзал Тулыбеков, Елдос Бадашев, Бақдәулет Бабажан, Ғалымжан Өміртай. «Алтын жебе» атауы әлем мергендеріне халықаралық турнир ретінде жақсы таныс. Бұдан бұрын «Алтын жебе» мергендер турнирінде екі рет жүлдегер атанған Ералхан мерген енді міне, тұңғыш өткен «Алтын жебе» әлем чемпионатының чемпионы атанды. Ералхан Айнарбекұлы — Түркістан өңірінің тумасы. Жүлделі екінші орынды моғолиялық Эрдене Эрденесувд еншілесе, үшінші орынды Оңтүстік Корея елінің мергені Ли Сунг Хо олжалады. Жеңімпаз спортшы Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірті. Ұлттық спорт мектебінің директоры Ғани Ахметбаев шәкіртінің алар асуы алда екеніне сенім артып отыр.
«Алтын жебе» әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1 орын – Ералхан Айкөз (Қазақстан)
2 орын – Эрденесувд Эрдене (Монғолия)
3 орын – Ли Сунг Хо (Оңтүстік Корея)
4 орын – Абзал Тулыбеков (Қазақстан)
5 орын – Михай Козмей (Румыния)
«Алтын жебе» І әлем чемпионатына қатысқан шетел мергендері: Альперен Алкан – Түркия, Явуз Аяз – Түркия, Уалид Хауажки – Сирия, Али Гурмани – Иран, Труканов Димитар – Болгария, Ходлей Халсон – АҚШ, Франк Сихлер – АҚШ, Парк Беом Нам – Оңтүстік Корея, Ли Сунг Хо – Оңтүстік Корея, Эрденесувд Эрдене – Монғолия, Гантумур Иденбаатар – Моңғолия, Уладаев Хонгр – Ресей, Любовь Мороко– Ресей, Виталий Гудын – Украина, Владимирь Янченко – Украина, Михай Козмей – Румыния, Алмазбек Акунов – Қырғызстан, Аяна Қадырбекова – Қырғызстан. Чемпионаттың бас төрешісі, моңғолиялық бапкер Ром Әуесхан.

Еске салып өтелік, І әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан құрама командасындағы спортшылары: Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Абзал Тулыбеков, Елдос Бадашев, Бақдәулет Бабажан, Ғалымжан Өміртай.
«Алтын жебе» атауы әлем мергендеріне халықаралық турнир ретінде жақсы таныс. Себебі, 2017 жылы және 2018 жылы елорда төрінде «Алтын жебе» жарысы халықаралық турнир деңгейінде ұйымдастырылды.

Алғашқы жылғы бәсекеде 11 мемлекеттің 19 мергені, ал, 2018 жылғы «Алтын жебеде» 11 мемлекеттің 25 мергені бақ сынады. Қос турнирдің де бас жүлдесін румыниялық сұрмерген Михай Козмей жеңіп алды. Бірінші турнирдің күміс жүлдесін Айтбек Сарыбай, қола жүлдесін Ералхан Айкөз иеленген-ді. Екінші турнирдің күміс жүлдесіне Ералхан Айкөз, қола жүлдесіне Абзал Тулыбеков қол жеткізген болатын.
Жеңіс құтты болсын, ағайын!