Еуропа лигасы: «Ювентус» өз алаңында «Нант» клубымен тең түсті

0
471

Қарымта кездесу 23 ақпанға белгіленген.


Еуропа лигасы: «Ювентус» өз алаңында «Нант» клубымен тең түсті

ERNUR.KZ. UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалындағы алғашқы турындағы барлық ойынның нәтижесі белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өз алаңында Италияның «Ювентусы» Францияның «Нант» клубымен 1:1 есебімен тең ойнады. Ал испаниялық «Севилья» өз алаңында «ПСВ Эйндховенді» 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың келесі сатысына жақындай түсті.

Қалған екі ойында «Спортинг Лиссабон» (Португалия) мен «Мидтьюлланн» (Дания) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, «Байер» (Германия) өз алаңында «Монако» (Франция) командасына 2:3 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, бұдан бұрын тағы төрт ойынның нәтижесі белгілі болды. Жарыстың аталған сатысында «Барселона» (Испания) және «Манчестер Юнайтед» (Англия) 2:2, «Аякс» (Нидерланды) пен «Унион Берлин» (Германия) 0:0 есебімен тең түсті. Ал «Шахтер Донецк» (Украина) алғашқы кездесуде «Ренн (Франция) клубын 2:1, «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) -«Рома» (Италия) командасын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Қарымта кездесу 23 ақпанға белгіленген.