Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды.
Фото: Нұрғали Жұмағазы
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.
Осыған дейін ақ Азиадада фристайл акробатикадан отандастарымыз алтын медаль алмаған. Осыған дейін күміс пен қола жүлде бұйырған.